Тағайындау • 10 Ақпан, 2021

Әлия Юсупова жаңа қызметке тағайындалды

1114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлия Юсупова Гимнастикадан ҚР федерациясының басшысы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлия Юсупова жаңа қызметке тағайындалды

Басшыны сайлау федерацияның есеп беру-сайлау конференциясы барысында өтті.

«Бұл тағайындау мен үшін – жаңа сын, қазіргі қызметімнен қызығы кем түспейтін – жаңа кезең. Ақтоты Райымқұлова басшылық ететін Мәдениет және спорт министрлігіне сенім үшін және Үміт Болатханқызына 10 жылда атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Мен бас бапкер қызметіндегі жұмысымды жалғастыратын боламын. Себебі жаңа тағайындау – бұл қоғамдық лауазым. Мен екеуін қатар алып жүремін. Мақсат – спортты дамыту және елге нәтиже алып келу. Алғашқы уақытта оңай болмасын түсінемін. Алайда, менің тәжірибем, білімім және күш-жігерім, сондай-ақ федерация мүшелерімен бірлескен жұмыс көптеген міндеттердің шешімін табатын болады. Федерациямызға кіретін әрбір спортты дамыту және танымал ету бағытында бірге жұмыс істейміз», деді Ә.Юсупова

Әлия Мақсұтқызы Юсупова – 36 жаста. Шымкент қаласында дүниеге келген. Афины және Бейжің Олимпиадаларының қатысушысы. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы. Бүгінде көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының бас бапкері.