Қоғам • 10 Ақпан, 2021

Мәжілісте қашықтан жұмыс істеуге қатысты еңбек заңнамасы жетілдіріледі

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс «ҚР Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәжілісте қашықтан жұмыс істеуге қатысты еңбек заңнамасы жетілдіріледі

Мәжілістің жалпы отырысында аталған заң жобасына Парламент депутаттары бастамашылық еткені айтылды.

«Қазіргі кезде қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәжірибесі еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттілігін көрсетті. Осыған байланысты заң жобасы қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді көздейді. Уақытша және аралас жұмыс, жұмыс кестесін, жұмыс уақытын, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу сияқты жаңа жұмыс режімдерін енгізу ұсынылады», деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, депутат Жәмилә Нұрманбетова.

Жәмилә Нұрманбетованың айтуынша, жалпы алғанда, заң жобасының қолданылуымен оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар күтіледі.

«Комитет заң жобасы бойынша 2021 жылғы 22 желтоқсанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», деді Ж.Нұрманбетова.