Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа қарағанда, былтыр 46 автокөлік өртеніпті.
«Автокөлік өртінің 85% электр желісінің қысқаша тұйықталуы салдарынан болатыны анықталды. Бұған ксенон секілді қосымша жарық шамдарының орнатылуы да әсер етеді. Шет елдерден әкелінген жеңіл көліктер де жиі өртенеді. Мәселен Ресей Федерациясынан әкелінген 7, Армения Республикасынан жеткізілген 5 автокөлік өртке оранды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.