Ауа райы • 10 Ақпан, 2021

Қазақстанның шығысында аяз күшейеді

1879 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 11-13 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның шығысында аяз күшейеді

Алдағы үш күн бойы Қазақстандағы синоптикалық жағдайды екі барикалық құрылымдар анықтайтын болады. Республиканың шығысына қарай жылжитын суық антициклон, мұнда температура 28-33 аязға дейін төмендейді.

Ал батыс өңірлерге Балқан циклоны әсер етеді, ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі. Көктайғақ, тұман, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі.