Коронавирус • 10 Ақпан, 2021

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық - эпидемиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

Өткен тәулікте Қазақстан аумағына АҚШ, Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

1 868 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 644 адам, анықтамасыз 224 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 524 жолаушы, анықтамамен - 1 303, анықтамасыз - 221;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 344 жолаушы, анықтамамен - 341; анықтамасыз - 3.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Анықтамасыз келген барлық 192 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.