Қазақстан • 10 Ақпан, 2021

Мемлекеттік қызметте заңбұзушылықтардың көбі неден болады?

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңбұзушылықтар туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекеттік қызметте заңбұзушылықтардың көбі неден болады?

«Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 114 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды, оның ішінде орталық мемлекеттік органдар заңнама талаптарын сақтамаудың 87,5 мың фактісіне, жергілікті атқарушы органдар 26,5 мың фактісіне жол берген», деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

Анықталған деректердің 80,5 % (91,8 мың факт) – қызмет алушылардан артық құжаттарды талап ету болып шыққан.

«Агенттіктің ұсынысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін нысандарда проблемалық мәселелерді анықтау және оларды одан әрі шешу үшін қоғамның белсенді өкілдері визуалды тексеру, қызметтерді алу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келушілермен сөйлесу арқылы қоғамдық бақылау жүргізеді. 2020 жылы азаматтық қоғам өкілдері мемлекеттік қызмет көрсететін 300-ден астам нысанды тексеріп, 307 бұзушылықты анықтады және оларды жою бойынша 287 ұсыным енгізді. Орындалған ұсыныстардың қорытындысы бойынша қоғам өкілдері пост бақылау жүргізеді. Қоғамдық бақылау барысы әлеуметтік желіде тікелей трансляция арқылы беріледі», деп түсіндірді Анар Жайылғанова.