Медицина • 10 Ақпан, 2021

Елімізде коронавирус штаммын тексеру жұмыстары күшейтілді

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова коронавирус штаммдарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде коронавирус штаммын тексеру жұмыстары күшейтілді

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында А.Есмағамбетовадан коронавирустың қандай штаммдары Қазақстанда анықталғаны сұралды.

«Қазақстанда таралған вирустың генотипін толық зерттеу мүмкіндігі бар. Пандемия басталғалы 285 штамм зерттелді, олар наурыз айынан қаңтар айы аралығында бөлінген штаммдар. Сіздерді «мутацияланған оңтүстікафрикалық, британдық және жаңа бразилиялық штаммдары бөлінді ме» деген сұрақ мазалап тұрғаны белгілі. Маусым мен қаңтар аралығында генотиптеу нәтижесінде Қазақстан аумағында аталған штаммдар анықталмады», деді А.Есмағамбетова.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният оңтүстікафрикалық, британдық және бразилиялық штаммдарды елге кіргізбеу үшін мемлекеттік шекарада тиісті шаралар қабылданғанын еске салды.

«Сол себепті елімізге сапарлап келіп жатқан азаматтар тиісті тексеруден өтіп жатыр. Барлық өңірлерде штаммдар тексеріліп отыр. Қазіргі кезде осы зертхананың жұмысы күшейтілді», деді вице-министр.