«Фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және жаттығу залдары алдын ала жазылу бойынша штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып (1 келушіге кемінде 5 шаршы метр есебінен толтырылуы объект сыйымдылығының 50%-ынан аспайды), сауналар, СПА орталықтары, бассейндер алдын ала жазылу бойынша 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады» делінген қаулыда.
Сондай-ақ қаулыға сәйкес, сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілеріне алдын ала жазылу бойынша (объектінің толтырылуы 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен) штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып рұқсат етілді.