Әлем • 11 Ақпан, 2021

33 күн бойы елсіз аралда өмір сүрген үш кубалық құтқарылды

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Жағалаудағы күзет қызметі Багамның адам тұрмайтын аралдарының бірінен үш Куба тұрғынын құтқарды. Олар аралда 33 күн болып, тек кокос жеген.

 

Патрульдік тікұшақ ұшқыштары Флорида-Кис пен Кубаның арасында орналасқан Ангилья-Кей шағын аралында қолдан жасаған туды желбіретіп тұрған екі ер адам мен бір әйелді байқап қалған.

АҚШ-тың Жағалаудағы күзет қызметінің лейтенанты Райли Бичердің агенттікке берген сұхбатында әуеден патрульдеу кезінде аралда көмекке шақырып тұрған үш адамды көргендігін мәлім еткен. Экипаждың зардап шеккендерді бірден құтқаруға мүмкіндігі болған жоқ, алайда оларға су, азық-түлік және рация қалдырып кеткен.

«Кубалықтар аралда 33 күн тұрып жатқандарын айтты», деді Бичер.

Құтқарылған адамдар аралға қайықтарының суға батып қалғаннан кейін тап болғандарын және бір айдан астам уақыт тек кокос жегендерін баяндап берді. Үш «Робинзон» аралдан тікұшақтың көмегімен шығарылды.