Аймақтар • 11 Ақпан, 2021

Таразда қапқа салынған адамның мәйіті табылды

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда канал жиегін тазалау кезінде қапқа салынған адамның сүйектері табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Таразда қапқа салынған адамның мәйіті табылды

Адамның қаңқасын Жасыл ел-Тараз мекемесінің қызметкерлері жұмыс жүргізу кезінде тапқан.

Мекеме қызметкерлері екі ауданды бөліп тұратын су каналының жағасындағы қамысты орып, қоқыстан тазартып жүрген кезде жерге көмілген қапты байқап қалады. Күдікті болып көрінген қапты алып шыққан қызметкерлер онда қаңқа жатқанын анықтаған соң, бірден тәртіп сақшыларын шақыртыпты.

Қаңқаны тауып алғандардың айтуынша, мәйіттің тек сүйегі ғана қалған. Соған қарағанда, марқұм бірнеше жыл бұрын өлтірілген болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, бұл дерекке қатысты Тараз қаласының полиция басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталып, табылған мәйіт сүйектерінің қалдықтарына сот медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау мақсатында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ