Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір өңірде 12 ПТР-тест зертханасы жұмыс істеп тұр. Былтырғы наурыздан бері аталған зертханаларда 666 мың ПТР-тест сынамасы жүргізілді.
«Атырау облысында 9 ақпанда 6 931 ПТР-тест тапсырылды. Бұл – пандемия басталғалы бері елімізде бір тәулікте тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін тәуліктік жоғары көрсеткіш биылғы 6 қаңтарда тіркелген еді. Сол кезде 6 081 сынама алынды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен