Сарысу ауданындағы тарихи-өлкетану музейіндегі жәдігерлердің арасында өте қызық бір экспонат тұр. Оны көрген адамның еріксіз езу тартуы да мүмкін. Содан соң, әрине:«Бұл кімдікі?» деп сұрауы да кәдік.
Осы сауалды аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Тимур Сандықбаевқа біз де қойғанбыз. Ол әңгімені әріден бастап:

– Кеңес Одағының кезінде Төкен Мақашев деген атамыз осы музейді ашу үшін рұқсатты сонау Мәскеуден алып келіпті. Содан ауыл-ауылды өзі аралап, тарихи жәдігерлер жинауға көшкен. Ауданымызға Әбдіманап Көпбергенов ағамыз әкім болып тұрған кезде ел мен жерінің тарихын құнттап қағазға түсіріп кеткен, өзі көп жылдар Сарысу аудандық газетін басқарған журналист Төкен Мақашевтің атын осы музейге бергізді. Міне, сол Төкен атамыз Жамбыл былғары-аяқ киім зауытына жолы түскенде осы туфлиді ала келіпті. Өкінішке қарай, кезінде 98,5 размерлі бұл аяқ киімнің «тарихын» ешкім жазып алмаған. Менің сұрастырып білгенім, мұны «сюрприз» деп пе, «сувенир» деп пе, былғары-аяқ киім зауытындағы бір әзілкеш әдейі жасаған сияқты. Оны сол кездегі былғары-аяқ киім зауытының директорымен сыйлас Төкен атамыз аттай қалап сұрап алған сияқты, – деген болатын.
Аудандық музей, негізінен, өлке тарихына тікелей қатысты жәдігерлер жиынтығынан тұрады. Олардың қатары жаңа экспонаттармен жылдан-жылға толығып келеді. Бірақ келушілердің көңілін көтеріп, езуіне күлкі үйіретін ерекше жәдігер де артық етпейтін тәрізді. Бір жағынан бұл ерекше экспонат – алдыңғы буын ағалар өмір сүрген Кеңес Одағы жеңіл өнеркәсібінің «өркендеген» дәуірінен де хабар бергендей ме, қалай?!.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы,
Сарысу ауданы,
Саудакент ауылы.