9 ақпан күні Ғ. Мүсірепов ат. ауданның полиция бөліміне шамамен сағат 16.00-де Новоишимское ауылының “АқНанСевер” ЖШС элеваторында болған оқиға туралы хабарлама келіп түскен. Дәнді дақылдарды сақтауға арналған металл силосты тазалау кезінде шұңқыр пайда болып, 36 жастағы жұмысшы шұңқырға құлап мерт болған. Оның денесі шамамен сағат 23-те сыртқа шығарылды.
Жедел-тергеу тобы оқиға орнын қарап, куәгерлерден жауап алды. Өндірісте қаза болу фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша енгізілді.
– Оқиғаның толық және объективті мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Әлжанов.