Білім • 11 Ақпан, 2021

Дуалды оқыту жүйесі қарқын алды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді қазақстандық студенттердің кәсіби тәжірибесі жұмыс өтілімі ретінде саналатын болады. Студент колледжде теориялық білім алып, мамандығы бойынша жұмыс орындарына жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Дуалды оқыту жүйесі қарқын алды

Студенттер дипломдарын ала салып, мамандық бойынша бірден жұмысқа орналасып кетуі қиын. Жұмыс орындары да оқуын енді тәмамдаған студенттен жұмыс өтілімін талап еткендіктен, факторлар елдегі жұмыссыздық санын да арттырды.

Осыған орай Білім туралы заңға өзгерістер енгізілді.  Бұдан былай колледж студенттері дипломын алмай тұрып, мамандықтары бойынша біліктілігін практика барысында шыңдайды.

Кәсіби тәжірибесіне кеткен уақыты жұмыс өтілімі ретінде есептелетін болады. Қазіргі таңда елімізде 535 колледж дуалды білім беру жүйесіне көшті.

«Осы қаладағы ірі кәсіпорындармен дуалды оқыту жүйесінде келісім-шартқа отырып, үш мамандық бойынша осы жүйеге көшіп жатырмыз. Бірінші мамандығымыз – қонақ үй шаруашылығы, туризм мамандығы бойынша, тігін өндірісі және үлгілеу мамандығы бойынша үш мамандықты дуалды жүйеде оқытып жатырмыз», деді Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің директоры Жарқын Жаниязова.