Шара барысында министрліктің жетекшілік ететін бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Министр Түркияның ақпарат және телевизия саласындағы, сондай-ақ жастарды әлеуметтік қолдау саласындағы тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді.
Өз кезегінде түрік тарапы жан-жақты ынтымақтастыққа және бірлескен жобаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту шеңберінде жобаларды іске асыруға дайын екенін білдірді.
Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.