Ұйым белсенділері «Астана Тазалық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларына қолұшын созып, көмек көрсетті. Шара барасында жұмысшыларға ыстық шай мен бауырсақ таратылды.
Аталған шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, «Жас Сарбаз» қозғалысынын еріктілері және ұйым төрағасы Асхат Налшыбек те қатысты.
«Жассарбаздықтарға ризашылығымды білдіргім келеді. Қытымыр аязда біздің көңіл-күйімізді көтеріп, жұмысымызға қолғабыс етті. Қуантарлығы, жастар мешітке барып, мешіт алдын тазалауға көп көмек көрсетті. Елорда жастарының осындай жанашырлығы жүректі елжіретпей қоймайды», «Астана Тазалық» КММ жұмысшысы Имналина Күләндә.
«Әскери-патриоттық қозғалыс «30 игі іс» акциясы аясында бірқатар іс-шараны атқарып жатыр. Айта кетейік, біз осы акция шеңберінде Екінші дүниежүзілік және Ауған соғыстары ардагерлеріне, әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға, тыл еңбеккерлеріне, пандемия кезінде аянбай жұмыс істеген әскери дәрігерлерге, сондай-ақ қарттар үйі мен балалар үйлеріне әрдайым көмектесу − азаматтық борышымыз деп білеміз. Сонымен қатар елордадан басқа жастар бірлестіктерін бізбен бірге атсалысуға шақырамыз», дейді А.Налшыбек.