Қоғам • 11 Ақпан, 2021

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы талқыланды

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясының елордалық мәслихаттағы фракциясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша Жол картасын талқылау жиналысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы талқыланды

Жиналыс жұмысына партияның қалалық филиалы төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгінов қатысты.

Жол картасын талқылауға мәслихат депутаттары Т.М. Нәрікбаев, Д.С. Байсеркина, Г.Ә. Жапарова, А.М. Әбдыров, А.С. Айтхожин және мәслихат хатшысы Е.Е. Каналимов қатысты.

2020 жылғы қараша айында бекітілген Сайлауалды бағдарламаның негізі - сайлаушылардың тілектері мен елорда тұрғындарын мазалайтын өзекті мәселелерден құралған. Бұл құжат біздің қоғамның барлық бөліктерін қамтыды.

Біздің азаматтардың денсаулығына ерекше мән берілді - бұл негізгі басымдық. Жуық бесжылдықта 30 дәрігерлік амбулаториялар, көпсалалы емхана мен перзентхана салынады.

Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген маңызды міндеттің бірі, балаларды қолжетімді және сапалы біліммен қамтамыз ету. Осы мақсатта 50 жаңа мектеп салынады.

Нұр-Сұлтан өмір сүру үшін жайлы қала болу керек. Осы орайда, 500 ауланың жөндеу жұмыстарын жасау және абаттандыру жоспарлануда.

Елорда тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселе қатарында қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мәселені шешу мақсатында жыл сайын 10 мың пәтер салыну жоспарлануда.

Бұл шын мәнінде біздің қаламыздың 5 жылдық даму жоспары екенін Жол картасы көрнекі түрде көрсетті. Депутаттар Жол картасының әрбір тармағына нақты депуттаты, фракция мүшесін бекіту туралы шешім қабылдады.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жоғарыдан төменге емес, керісінше Праймериз арқылы, «Есіктен есікке» акциясы арқылы қаламыздың тұрғындарынан тілектер мен, ұсыныстарына сүйене отырып жасадық. Партия қалалық бағдарламада ТОП-10 мәселені анықтады. Ендігі уақытта Біз осы сайлауалды бағдарламамыздағы ТОП-10 мәселені шешу үшін 13 бағыттан, 107-ден астам тармақтар мен бөлімшелерден тұратын нақты істер Жол картасын іске асырамыз. Біз қалалық сайлауалды бағдарламамыздың толық іске асыруға, ондағы индикторларға қол жеткізуді мәслихаттағы фракциямыз арқылы қамтамасыз етеміз», деді «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Кәрібек.