Мемлекеттік рәміздеріміз – еліміздің Тәуелсіздігін бейнелеп, халқымыздың рухын асқақтататын, Қазақстанды әлемге паш ететін қасиетті атрибуттар. Оларда еш мін болмауға тиістілігі – айдай ақиқат. Бұл ретте Мемлекеттік Туымыз бен Мемлекеттік Елтаңбамыз әу бастан көпшіліктің көңілінен шығып, көзайымына айналды.

Ал алғашқы Мемлекеттік Гимніміз 2006 жылы ауыстырылып, сөзін ақын Жұмекен Нәжімеденов, музыкасын композитор Шәмші Қалдаяқов жазған «Менің Қазақстаным» әні мәтініне Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзгерістер енгізген соң жаңа әнұранымыз болып қабылданғаны мәлім. Содан бері сан алуан салтанатты іс-шараларда және даңқты спортшыларымыз әлемдік жарыстарда чемпиондық тұғырға көтерілгенде мемлекетіміздің мерейін асыра шырқалып жүрген осы Мемлекеттік Гимніміздің әні мен сөзіне кінә тағып, сын айтып жатқан ешкім жоқ.
Дегенмен, Атырау қаласындағы «Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталық» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Руслан Хамза Мемлекетік Гимннің мәтініндегі тыныс белгілерінен бірнеше дәлсіздік тауыпты. Оның сыни ескертпелері бойынша Білім және ғылым министрлігіне қарасты А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғалымдары ғылыми сараптама жасап, Р.Хамзаның кейбір күмәні негізді деген қорытындыға келген. Атап айтқанда, ғалымдар өлеңнің бірінші шумағының үшінші жолынан кейін қойылған үтірдің орнына «тире» (сызықша) белгісі қойылуы керек деп санайды. Яғни:
«Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны –
Еліме қарашы!»
– болып жазылуы қажет.
Сондай-ақ Мемлекеттік Гимн мәтінінің бесінші жолындағы «ер» сөзі тырнақшаға алынып жазылуы және «Қазағым мықты ғой» деген сегізінші жолынан соң леп белгісін қою қажет екен. Яғни екінші шумақтың дұрыс нұсқасы мынадай:
«Ежелден «ер» деген
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген
Қазағым мықты ғой!»
Осыған орай, біз А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми сараптамасында көрсетілген дәлсіздіктерді түзету үшін мемлекеттік рәміздер саласында басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Мәдениет және спорт министрлігіне жүгіндік. Бізге берілген жазбаша жауап төменгідей:
«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық Заңының Мемлекеттік Гимн тарауына қандай да бір өзгеріс енгізу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ.
Осыған байланысты аталған Конституциялық Заңмен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтініндегі тыныс белгілеріне өзгерістер енгізуді мақсатқа сай емес деп санаймыз».
Мәдениет және спорт министрлігіндегі ең мәдениетті мемлекеттік қызметшілердің «сырғытпа» жауабы осындай. Ал бұл дүниеде қасиетті Құраннан басқа, қателік кетпейтін, өзгертілмейтін ештеңе жоқтығы аян. Соның ішінде қос палаталы Парламентте де әртүрлі себептермен асығыс қабылданып кеткен кейбір заңдағы ірілі-ұсақты кемшіліктер арада уақыт өте келе анықталып, іле түзетіліп жатады. Ол – өмір шындығы.
Мемлекеттік Гимннің мәтіні мемлекеттік мекемелер мен білім беру ұйымдары ғимараттарының келушілер көзіне бірден шалынатын орындарында өзге мемлекеттік рәміздермен қатар, қабырғаға көрнекі етіп ілініп қойылатындығы белгілі. Сондықтан оның үтір-нүктесіне дейін дұрыс жазылып, барша жұрттың, соның ішінде өскелең ұрпақтың барынша сауатты болуына септігін тигізіп тұрғаны жөн.
«Халықтың көзі қырағы, мініңді көріп тұрады» демекші, Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру міндетін алға қойып отырған қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігіндегі ағайындар «жауырды жаба тоқымай», мемлекеттік рәміздерді насихаттап жүрген атыраулық азамат Руслан Хамзаның сындарлы сынынан тиісті нәтиже шығару жолын іздестірсе, құба-құп емес пе?
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
«Тобылдың» жаңа бас бапкері тағайындалды
Футбол • Кеше
Биыл Атырауда 185 баланы күйік шалған
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысындағы тас жолда браконьер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада Ulttyq Onim көрмесі ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанға Омбы облысының бизнес делегациясы келді
Бизнес • Кеше
Қаржы • Кеше
Бүгін қазақстандық хоккейшілер Словакияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Бізге атом электр стансасы керек - Энергетика министрі
Қазақстан • Кеше
Ақжайық резерватының аумағында өрт болды
Қазақстан • Кеше
Ғылым сарапшылары референдумның маңыздылығын талқылады
Референдум-2022 • Кеше
Мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу уақыты қысқарады
Қоғам • Кеше
ДДҰ Қытайдың COVID-19-ға қарсы үшінші вакцинасын мақұлдады
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 263 мың адам инфекция жұқтырған
Әлем • Кеше
Ауыл мектептері заманауи жабдықтармен қамтылады
Білім • Кеше
Майнинг фермалар ұлттық электр жүйесінен бөлінуі мүмкін
Қазақстан • Кеше
Үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын құрды
Қазақстан • Кеше
GAP қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Аймақтар • Кеше
Ерлан Қарин Қазақстан саясаттанушыларының Х Конгресіне қатысты
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар