Президент • 12 Ақпан, 2021

Президент жарлықтарымен бірнеше елші қызметінен босатылды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен бірнеше елші қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент жарлықтарымен бірнеше елші қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
 
Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босатылды;

Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Соңғы жаңалықтар

Референдум–2026. Онлайн-марафон

Референдум • Бүгін, 12:00

Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде

Қазақстан • Бүгін, 09:45