Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.