25 Желтоқсан, 2013

Реформаны насихаттауда БАҚ-тың алар орны зор

312 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Осы аптада Шымкент қа­ла­сында «Мемлекеттік қызметті ре­формалау: ішкі түйін және ай­мақ­тық БАҚ-тағы көрінісі» атты аймақтық семинар өтті. Бұл іс-шара Еуропа Одағының «Қазақ­стан Үкіметі мемлекеттік қыз­метін реформалау және модер­низациялау» Жобасының қол­дауымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Осы аптада Шымкент қа­ла­сында «Мемлекеттік қызметті ре­формалау: ішкі түйін және ай­мақ­тық БАҚ-тағы көрінісі» атты аймақтық семинар өтті. Бұл іс-шара Еуропа Одағының «Қазақ­стан Үкіметі мемлекеттік қыз­метін реформалау және модер­низациялау» Жобасының қол­дауымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге астыЖиынға қатысқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төра­ға­сы Әлихан Байменов бұл жиын­ның мақсаты мемлекеттік рефор­маны БАҚ өкілдері арқылы жұрт­шылыққа кеңінен түсіндіру қажет­тігіне, мұндай өзгерістерді халық­тың пікіріне құлақ салмай жүзеге асыру мүмкін емес екеніне тоқталды. Агенттік төра­ғасы кадрларды іріктеу және оларды қызмет бабымен өсіру­дің, мемлекеттік қызметтегі эти­ка­лық және жем­қор­лыққа қар­сы бақылауды күшей­тудің жаңа тетіктері, «А» корпусын құ­ру жә­не оның қызметі бойынша ай­мақтық журналистер жиі қоя­тын сауалдар негізінде жаңа мем­лекеттік қызмет моделінің негізгі қағидаларын түсіндірді.

«Реформа – жүйені зама­науи талапқа бейімдеу. Мемлекет тү­гілі әр саналы жеке адам өзі­нің қарым-қабілетін, іскерлік қасиеттерін реформалау арқылы дамып, өсіп отырады. Сол үшін ізденеді, оқиды. Мәселен, осыдан ширек ғасыр бұрынғы жыл­дармен салыстырғанда еліміз­дің жастары көп өзгерді. «Бо­ла­шақ» бағдарламасы бойын­ша шетелдерде білім алып кел­­ген көптеген жастарымыз өз бет­терімен ізденіп, шағын кәсіп­орындар ашып, адамдарды жұ­мыспен қамтуда. Бұл қоғамның алға жылжығанын көрсетеді. Біз­дің елдің мемлекеттік қызмет ісін­дегі реформаларға ресейлік сая­саткерлер мен ғалымдар қызы­ғушылық білдіріп жатыр. Біз іс жүзінде алға кеттік. Біздің қо­ғамда білімді, білікті мамандар жеткілікті. Соларды таба білу керек, көре білу керек», деді Әлихан Мұхамедияұлы.

Агенттік жетекшісі қоғам, үкі­меттік емес ұйымдар және БАҚ-пен өзара үнқатысу ве­домство қызметіндегі басым ба­ғыт екенін атап өтті. Агент­тік­тің тұ­жы­рымдамалық және заң­нама­лық бастамаларын ашық талқы­лау үшін мемлекеттік қыз­метті же­тілдіру мәселелері жөнін­де Са­рапшылар кеңесі құрылған. Сонымен бірге, семинар барысын­да мемлекеттік қызмет сапасын жақсартудағы аймақтық БАҚ өкіл­дері мен жергілікті мем­ле­кеттік органдардың өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар