Білім • 12 Ақпан, 2021

ҚазҰУ қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға өсті

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев бүгін оқу ордасындағы барлық қызметкерлердің жалақысын 20 пайызға өсіру туралы бұйрыққа қол қойды.

ҚазҰУ қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға өсті

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметке жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын арттыру мәселесін қарауды тапсырған болатын.

Осыған сәйкес, ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректор қызметіне кіріскен Жансейіт Түймебаев шұғыл шешуді талап ететін бірінші кезектегі мәселе ретінде оқытушылар мен қызметкерлердің жалақысын көтеруді қарастырып, барлық қызметкердің жалақысын 20 пайызға көтеру туралы жедел шешім қабылдады.

Бұл шара қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға және олардың әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ оқытушы мамандығының беделін арттыруға бағытталған.