Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, облыс орталығындағы «Береке» шағын ауданында 240 пәтерлік бір тұрғын үй салынады. Тағы бір жаңа шағын аудан – «Самалда» 432 пәтері бар 16 тұрғын үйдің құрылысы бой көтереді.
«Қала маңындағы Талғайраң елді мекенінде көп қабатты 46 үйдің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Мұнда салынып жатқан 1 080 пәтерлік көп қабатты 24 тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желісі тарту жалғасып жатыр» дейді Қайрат Оразбаев.
Сондай-ақ, былтыр «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында көп қабатты 4 тұрғын үйге күрделі жөндеу жасалды. Енді биыл тағы да 15 тұрғын үй терможаңғыртудан өткізіледі.