Қазір мұнайлы өңір орталығында шағын және орта кәсіпкерлік саласында 40 488 нысан жұмыс істеп тұр.
«Былтыр Жұмыспен қамту орталығына 14 мыңнан астам адам өтініш білдірді. Оның ішінде 8 259 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, 920 жұмыссыз кәсіби оқытуға тартылып, 2 034 адам уақытша жұмыстарға қатысуға мүмкіндік алды» дейді Қайрат Оразбаев.
Сондай-ақ кәсіпкерлік саласында бизнес идеясын іске асыру үшін 240 адамға 133,2 млн теңгенің мемлекеттік гранты беріліпті.