Әкімнің айтуына қарағанда, былтыр облыс орталығында 17 спорттық нысан қала жұртшылығының игілігіне берілді. Оның ішінде 5 футбол, 2 баскетбол, балалар үшін 6 ойын алаңы мен 4 воркаут бар.
«Биыл Атырау қаласының маңындағы Томарлы елді мекені мен Геолог шағын ауданында спорт кешенінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып жатыр. Сондай-ақ, қаладағы 25 мектепке арналған спорт алаңын, аулаішілік 23 спорттық нысан, оның ішінде 1 футбол, 2 баскетбол алаңын жаңғырту, 6 воркаут, балаларға арналған 14 ойын алаңын салу көзделіп отыр» деді Қайрат Оразбаев.