Реджеп Ердоғанның айтуынша, ғарыш аппараты Айға елдің жүз жылдығына орай қонады. Одан бөлек, президент Түркия ғарыш айлағын салуды жоспарлап отырғанын тілге тиек етті.
«Елді жаһандық ғарыштық жарыстың жоғарғы лигасына шығаратын Ұлттық ғарыштық бағдарламаның жол картасы сәтті жүзеге асырылады», деді ел президенті.
Реджеп Тайип Ердоған соңғы 18 жылда Түркия спутниктермен, ғарышпен, ұшыру жүйелерімен және ғарыш жабдықтарымен байланысты 56 жобаға 2,1 миллиард лир (125 миллиард теңге) бөлгенін айтты.
«Түркия Ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында ғарыш метеорологиясына инвестиция салу арқылы ғарыштағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ниетті», деді ел басшысы.