Меморандумның негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асу қарқынын жандандыру, аясын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарымыздың дәріптелуіне үлес қосу.
Аталған жиында қос мекеме оқу, ғылыми зерттеу, шығармашылық салаларын қамтыған көптеген ұсынысты талқыдан өткізіп, оларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.
Еске сала кетейік, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асырылып жатқанына биыл төрт жыл толып отыр. «Рухани жаңғыру» алғашында мақала болып шыққанымен, кейін бағдарлама ретінде қабылданды. Сол 2017 жылдың 26 сәуірінде оның іске асуын үйлестіретін, қадағалайтын орган – Президент жанындағы ұлттық комиссия құрылды. Комиссия қазіргі уақытқа дейін өзінің тиісті функциясын атқарып келеді.