Бұл туралы Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мәселен, қаңтарда 38 жастағы қала тұрғыны тергеу изоляторында ұрлық жасағаны үшін сотқа дейін ұсталып отырған танысына 3 ұялы телефон, 2 дана құлаққап пен интернет-модем бермек болған. Сондай-ақ, 23 жастағы жігіт те тергеу изоляторында отырған досына 4 ұялы телефонды азық-түліктің арасына жасырып, өткізбек болған. Ал ақпанда 55-жастағы әйел «Трамадол» дәрілік затын тамаққа тығып өткізбек болғаны анықталды»‚ дейді күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек Рахманов.
Оның айтуынша, Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен түрмеге заңсыз сәлемдеме әкелгендерге ескерту, айыппұл салу түріндегі жазалар қолданылды.