Спорт • 15 Ақпан, 2021

Елордадағы жаңа жеңіл атлетикалық кешенде алғашқы ресми турнир өтті

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы жаңа жеңіл атлетикалық «Qazaqstan» кешенінде алғашқы ірі жарыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордадағы жаңа жеңіл атлетикалық кешенде алғашқы ресми турнир өтті

Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан 175 атлет қатысты. 

Сондай-ақ біріншілік барысында қалалық триатлон федерациясының спортшылары да бақ сынады.  Турнирде жалпы есебі 9 жекелей сын, бір командалық жарыстан жүлделер таратылды.  Атап айтар болсақ, спортшылар 60 метрге, 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден, сондай-ақ, 200, 400, 800, 1500 және 3000 метрге жарысудан сынға түсті.

Ядро лақтыру, аралас эстафета мен ұзындыққа секіруден де жеңімпаздар анықталды. 


Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20