Аймақтар • 15 Ақпан, 2021

Қарағандыда өндірілген «Спутник V» вакцинасы ресми тіркелді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда өндірілген «Спутник V» вакцинасы Денсаулық сақтау министрлігіндегі сараптама ұйымының қорытындысын алып, ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда өндірілген «Спутник V» вакцинасы ресми тіркелді

Қарағанды фармацевтикалық кешенінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарағанды фармацевтикалық кешені Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясына қарсы «Гам-КОВИД-Вак» немесе «Спутник V» деп аталған вакцинаны тіркеу рәсімін аяқтады. 2021 жылдың 13 ақпанында тіркеу деректері материалдарын қарау қорытындысы бойынша екпенің қауіпсіздігі, сапасы және тиімділігі туралы Денсаулық сақтау министрлігі сараптама ұйымының қорытындысы алынды. Қорытынды негізінде аталған министрліктің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тіркеу куәлігін алуға өтінім жолданды», делінген хабарламада.

Алдын ала есептеулер бойынша, ақпан айының соңында еліміздің барлық өңірлеріне ҚБК өндірген вакцинаның 90 мыңға жуық дозасын жеткізу жоспарда бар.

Еске салар болсақ, Қазақстанда вакцина өндіру туралы шешім Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы мен Ресейдің тікелей инвестициялар қорының өкілдері қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындарды аралап, зерттегеннен кейін қабылданған болатын. Ал «Спутник V» екпесі 1 ақпаннан бастап Қазақстанда жаппай вакциналау үшін қолданыла бастады.

Айта кететін бір жайт, Қазақстан «Спутник V» вакцинасын қолдануды мақұлдаған 27-ші ел болды.