Облыстық экология департаменті баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа қарағанда, қазір стансаның бұрынғы аумағында арнайы техникамен тазалау жұмысықолға алынды.
«Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдері 1 наурызға дейін «Ақжайық» ЖБС аумағын мұнай өнімдерінен тазартып жатыр. Бұл аумақтағы ластанған топырақ пен қалдықтарды бетондалған бассейндерге жинап, кейін шығарады. Аталған мерзімге дейін станса аумағындағы атқарылып жатқан жұмыс қадағаланады» дейді департамент басшысы Әлібек Бекмұхамбетов.