Аймақтар • 15 Ақпан, 2021

Атырауда түрмеде отырғандар арыз-шағымды терминалмен береді

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы түрмелерге отырғандар бұдан былай арыз-шағымды терминалмен беретін болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда түрмеде отырғандар арыз-шағымды терминалмен береді

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, түрмелерге арнайы терминал облыстық прокуратурамен бірлесіп орнатылыпты. Енді сотталғандар терминалдардан саусақ ізі арқылы құқық қорғау органдарына шағым немесе өтініш қалдырып, үш күнде жауап алатын болады.

«Терминалдар сотталғандарға қолжетімді жерге қойылды. Сотталғандар жіберген арыз-шағымдар бірден прокурорға немесе өзге де құқыққорғау органдарына түседі. Яғни мекеме әкімшілігі араласа алмайды. Мәселен, азаптауға қатысты арыз-шағымдар сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне жолданса, қызмет өкілеттіктерін асыра пайдалануға байланысты шағым полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік бөлімшесіне жіберіледі. Шағым немесе өтініш түсірген сотталғанның жеке басын анықтау саусақ іздері арқылы іске асырылады. Ал шағымды қарау және шешім қабылдау процесін онлайн бақылауға мүмкіндік бар», дейді Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Манарбек Ғабдуллин.

Оның айтуынша, барлық мекемедегі сотталғандарға терминалды қолдану тәртібі түсіндіріліпті. Сондай-ақ арыз-шағымдарды мекемелердің сенім телефоны арқылы да қалдыруға болады.