Оқиға бүгін, 15 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18.10 шамасында болды. Облыс орталығында орналасқан Қорқыт ата көшесінің бойындағы теміржолдың астынан өтетін көпір маңында шағын автобус өртенген.
«Оқиға орнына № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 1 техника 5 қызметкер барды. Мамандар барған сәтте «Mitsubishi» микроавтобусы жанып жатқан. Онда мінген жолаушылардың барлығы аман. Өрт 18:18-де сөндірілді», деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада Ресейге кетіп бара жатқан жүк көлігі толық өртеніп кетті.