24 желтоқсанның іңір қараңғысында Солтүстік Қазақстан облыстық сыбайлас және экономикалық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департамент /қаржы полициясы/ басшысының бірінші орынбасары Жандос Ахметов кісі қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға облыс орталығындағы Юбилейный ықшам ауданында орын алды.

Бес уақыт намазын қаза етпейтін марқұм 12 жасар ұлымен дәлізге кіре бергенде белгісіз біреудің шабуылына тап болған. Суық қарудан бірнеше рет оқ атылып, Жандос Ахметов бірден жан тапсырған.
41 жастағы азаматтың бұл қызметке тағайындалғанына 10 ай ғана өткен. Тергеу жүргізу, полицейлерді тергеп-тексеру, жедел топ жұмыстарын қадағалаған қандықол қарақшының оқиға болған жерде ешқандай айғақ қалдырмағанына қарағанда, қаржы полициясы майорын өлтіру мұқият ойластырылған тәрізді. Осыған байланысты арнайы топ құрылып, олар тергеу жұмыстарымен айналысуда.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
ПЕТРОПАВЛ.