Әдебиет • 16 Ақпан, 2021

Жас ақындар жинағы

2399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сайрам ауданында жергілікті жас ақындар асыға күткен «Жастар жырлайды» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Былтыр жастармен өткен кездесуде аудан әкіміне Амалхан Төлебек жастардың жинағын шығару жөнінде ұсынысын жеткізген болатын. Ол аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің тарапынан қолдау тауып, 14-29 жас аралығындағы 20 ақынның шығармалары алғаш рет жарық көрген жыр жинаққа еніп отыр.

Жас ақындар жинағы

Жас ақындардың шығар­малары енген кітаптың тұ­саукесер рәсіміне қатысқан аудан әкімі өлеңімен өрлігін т­анытып, замандастарын жақ­сылыққа үндейтін, елдік пен бірлікті ту еткен мемлекетшіл жастар қай кезде де қоғамның ең белсенді тобы ретінде танылатынын атап өтті. «Жас ақындардың қарым-қабілеті әртүрлі болғанымен, бәріне бірдей мүмкіндік берілді. Кітап – құнды дүние, әрі естелік. Сайрам топырағында қаншама біртуар азаматтардың кіндік қаны тамған. Бұл, әрине біздің халықтың даладай дарқандығы мен жанының жомарттығына, жолдасқа адал, қонағын сыйлайтын кең пейіліне бұйырған тағдырдың тартуы болар. Қоғамға қалтқысыз қызмет еткен кешегі Құрманбек Жан­дарбеков, Ошат Рахым, Ерсін Қойбағар, Тұр­сынай Ораз­баева сынды аза­мат­тардың ізін жалғап, туған жердің жақсы атын шығаратын – бүгінгі дара, саналы, дарынды жастар. Сайрам ауданында жас ақындардың көптігі мені қуантты. Олар­дың шығармашылығын жи­нақтап, бір кітапқа енгізу – үлкен жетістік. Сондықтан да жас ақындардың жыр жи­нағын шығару ұсынысына қолдау таныттық. «Жастар жырлайды». Кітаптың атын осылай қойдық. Ендеше, жас­тарымыз жақсылықтың жаршысы болып, игілікті жырлай берсін. Шығармашылық жолындағы алғашқы қадам жастарды даңғыл жолға, биік белестерге бастасын!» деді Ұласбек Сәдібеков құттықтау сөзінде. Ал жастардың атынан сөз алған Амалхан Төлебек мұндай қолдау шабыттандырып, бойға сенім ұялатқанын жеткізді.

Аудандағы барлық кітап­ханалар, мектептер мен колледждер және кітапсүйер қа­­уымға тегін таратылатын кі­тап­тың редакторы – өңірге бел­­гілі ақын Нұрғиса Тө­ре­мұ­ратов. Алматы қала­сын­дағы «Үш қиян» баспаханасында ба­­сылған «Жастар жырлайды» кітабы 5 бөлімнен тұрады.

 

Түркістан облысы