Спорт • 16 Ақпан, 2021

Спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді

1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем кубогі кезеңі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді

Халықаралық гимнастика федерациясының күнтізбесіне сәйкес аталған турнир 10-13 наурыз күндері өтуі тиіс еді.  Катарда жоспарланған әлем кубогінің кезеңі Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі болып саналады. 

Жарыстың қашан өтетіні қазірге белгісіз. Белгісіз мерзімге шегерілген жарыстың нақты уақыты алдағы уақытта хабарланатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Сын-қатерлерді еңсеру кезеңі

Саясат • Бүгін, 10:43

Білім гранты берілді

Білім • Бүгін, 10:40

Ai-Sana: идеядан – инновацияға

Білім • Бүгін, 10:36

Қадірсіз қасиет

Пікір • Бүгін, 10:25