Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіндегі Қызылжар кенішінде жақында әк күйдіретін кешен іске қосылды. Бұл кешеннің іске қосылуы осы арадан әк тастың өндірілуіне тікелей байланысты. Әк тасты алдымен қиыршықтап, одан кейін күйдіреді. Пайдалы кенді ұқсатып жүрген бұрынғы жабдық ескірді, оны жаңартуды уақыт талап етті. Сондықтан әк өндіруді жақсарту үшін облыстың индустрияландыру картасына енген жаңа жобаны жүзеге асыру керек болды. Әк күйдіретін екі пештің құрылысы 2011 жылы басталған болатын.

– Қазіргі пештердің бұрынғылардан басты айырмашылығы бар, олар көмірмен емес, газбен жұмыс істейді. Бұл әктің өте сапалы өндірілуіне ықпал етеді. Сапа – кен өндіру бірлестігі үшін басым бағыт. Сондықтан жаңа жобаның біздің бөлімше үшін маңыздылығы да осында жатыр, – дейді Қызылжар кенішінің бастығы Валерий Клишин.
Әк тек Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің өндірістік қажетін өтеп қана қоймайды, ол жалпы облыс өңірінің тұтынушылары үшін шығарылады. Әр пеш тәулігіне 50 тонна әк күйдіре алады, ал жылдық көрсеткіш 30 мың тоннаны құрайды. Құны 1 миллиард теңгеден астам жоба арқасында әк күйдіру кешенінде қосымша тағы да 50 жұмыс орны ашылды.
– Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі экономикалық жаңғырту мәселелерінде шешімді қадамдар жасап отыр. Тек Рудный қаласы ғана емес, тұтас Қостанай облысының экономикалық игілігі еліміздегі кен өндіру саласының ірі кәсіпорнындағы жұмыстың ырғақтылығына байланысты екенін біз жақсы түсінеміз, – дейді «Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі» акционерлік қоғамының президенті Мұхамеджан Тұрдахунов. Құрылыс қарқын алған қазіргі уақытта әк еліміздің қай шалғайында болсын қажеттілігі мол тауар. Оның сыртқы нарықта да сұранымына ешкім шек келтірмейді.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
Қостанай облысы,
Рудный қаласы.