26 Желтоқсан, 2013

Өткенді болашақпен жалғайтын Қостанай архив қызметіне 90 жыл толды

373 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Уақыттың ажырамас байланысын, жаңарып отыратын қоғамдағы және тарихи кезеңдердегі мәліметтерді сақтайтын архив мекемелерінің маңызы зор. Қостанай өңіріндегі өткен уақыт тынысындай құжаттарды облыстық архив мекемелері шаң тигізбей, бүлдірмей сақтап келеді. Ұлттық мұрағат қоры, бұл – уақыттың тарихи ескерткіші және халқымыз үшін сарқылмас бұлақ болып табылады.

Уақыттың ажырамас байланысынжаңарып отыратын қоғамдағы және тарихи кезеңдердегі мәліметтерді сақтайтын архив мекемелерінің маңызы зорҚостанай өңіріндегі өткен уақыт тынысындай құжаттарды облыстық архив мекемелері шаң тигізбей, бүлдірмей сақтап келеді. Ұлттық мұрағат қоры, бұл – уақыттың тарихи ескерткіші және халқымыз үшін сарқылмас бұлақ болып табылады. Қостанай архивінің тарихы өткен ғасырдың басынан бастау алады.

1923 жылы  қаулы шыққан айда-ақ облыстағы денсау­­лық сақтау мекемелерінен, губерниялық өндіріс­тік атқару комитетінен, шаруашылықтардан, тағы басқа да мекеме, ұйымдардан көлемі 140 пұт құжат­тар жинақталған, оларды сақтауға бар-жоғы бір бөлме ғана бөлінген екен, – дейді облыстық мұрағаттар және құжат­тама басқармасының басшысы Гүлжан Менде­кенова.

Қазір облыстық архив қорында құжаттары сақталатын мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар саны мың қаралы болады. Мемлекеттік архивте бүгінде 5176 қор бар, онда 1 миллион 479 мың дана құжат сақтаулы, оның 44 мыңы мемлекеттік тілде жазылған, фотосуреттер мен бейне, аудиоматериалдардың саны 9 мыңға жуық. Маңыздылығына қарай, архив мекемесі уақытпен бірге кеңейіп, өсе түсті. 1939 жылы облыстық архив мекемесінде меңгеруші, күзетші және еден жуу­шы үш адам ғана қызмет еткен екен. Қазір облыстың архив қызметі саласында 228 адам қызмет істейді, олардың 61 пайызы жоғары білімді, арасында бір ғылым кандидаты да бар.

Қостанай облысы архив қызметінің 90 жылдығына арналған салтанатты жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және архивтер комитеті архивтер мен құжаттама басқармасының жетекшісі Ғазиза Исахан қатысып, облыстағы әріптестерін мерекесімен құттықтады. Архив қызметі саласына үлес қосқан бірқатар қызметкерлер Мәдениет және ақпарат министрінің, облыс әкімінің мақтау грамоталарымен марапатталды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ

Соңғы жаңалықтар