26 Желтоқсан, 2013

Жаңа пәтер кілттері тапсырылды

276 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тарих табалдырығында тұрған көк тұлпар – жаңа жылқы жылы қарсаңында Астана қаласының әлеуметтік жағынан қорғалмаған бірнеше отбасылары қоныс тойын тойламақ.

Кеше Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағам­­бетовтің қатысуымен құрылыс компания­лары арасында дәстүрге айналған мемлекеттік-әлеу­меттік серіктестік қайырымдылық шаралары аясында мүгедек балалар тәрбиелеп отырған 11 отбасына жаңа пәтер кілттері табыс етілді.

Тарих табалдырығында тұрған көк тұлпар – жаңа жылқы жылы қарсаңында Астана қаласының әлеуметтік жағынан қорғалмаған бірнеше отбасылары қоныс тойын тойламақ.

Кеше Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағам­­бетовтің қатысуымен құрылыс компания­лары арасында дәстүрге айналған мемлекеттік-әлеу­меттік серіктестік қайырымдылық шаралары аясында мүгедек балалар тәрбиелеп отырған 11 отбасына жаңа пәтер кілттері табыс етілді. 

Жүйке жүйеле­рі дімкәстанған, сал ауруына шалдыққан, онкология­лық кеселмен ауыратын балаларды күтіп-бағып, жұмыстан қол үзіп, ата-аналары үйде отырып қалған бұл отбасыларының ахуа­лы төмен. Пәтер жағдайларын жақсартуға ешбір мүмкіндіктері жоқ. Міне, осындай жағдайды ескере келіп, қала әкімдігінде құрылыс компанияларының көмегімен осындай отбасыларына тегін пәтер беру дәстүрі жалғасып келеді.

Биылғы жылы қаладағы «Астанапром­строй-М», «Allur Auto Astana» «СК Құла­гер», «Ас­­тана­Трейдинтернейшнл», «Астана­­Сервис­Строй­Мон­таж-01», «Алтын ХХІ», «Азия», «Астана­­­­строй­инвест», «Центр КазЭнергоМонтаж», «Альянс­строй­Инвест» құрылыс компаниялары елорданың 11 отба­сы­на жаңа пәтерлер сатып алып берді. Бұл отбасы­лар­­­­­дың әрқайсысы көлемі тиісінше 35-67 шаршы метрді құрай­тын бір және екі бөлмелі пәтерлерге ие болды.

Тұрмыс тауқыметін тартып, баспана қиындығын көріп келе жатқан отбасылардың бүгінгі қуаныш­та­рында шек болмады. Бұл отбасылар тағдыр талайымен айықпас дертке шалдыққан балаларының жағдайымен әлеуметтік қиындықтарды көріп келеді. Жаңа жыл қарсаңында қуанышқа кенеліп, пәтер кілтін алған отбасылардың қатарында мүгедек екі бала тәрбиелеп отырған Жорабековтер жанұясы бар. Бүгін пәтер кілтін алған А.Жүсіпованың ұлы сал ауруына шалдыққан болса, Ю.Ожогинаның баласы айықпас қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Сонымен бірге, Ауған соғысының ардагері, ІІ топтағы мүгедек Рауза Ережеповаға да осы қайырымдылық шарасы аясында жаңа пәтер кілті табыс етілді.

Астана қаласында осындай қайырымдылық шарасын өткізу соңғы жылдары игі дәстүрге айналып келе жатыр. Алғаш рет 2011 жылы әлеуметтік жағынан қорғалмаған осындай отбасыларына Қала күні мерекесі қарсаңында пәтер тапсырылған болатын. Содан бергі өткен уақытта осындай 60 отбасы қоныс тойын тойлау құрметіне ие болды. Бұл игілікті шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар