Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Алматыда жүк көліктерінің қозғалысын шектеу жоспарланып отыр

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қала әкімі Б. Сағынтаев әлеуметтік желіде жүк көліктерінің зиянды қалдықтарын азайту жөніндегі қосымша қадамдарға баратыны туралы баяндады.

Алматыда жүк көліктерінің қозғалысын шектеу жоспарланып отыр

«Қоршаған ортаға техногенді жүктемені азайту жұмыстарын жалғастырудамыз. Қоғамдық және коммуналдық автопарктерді экологиялық таза отынға ауыстыру жұмысымен қатар транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мүмкіндігін де зерделейміз. Жүргізілген мониторинг бойынша қалаға тәулігіне 17 мыңнан астам жүк көлігі кіретінін көрсетті», - деп жазды Алматы әкімі Facebook-тағы өзінің парақшасында.

Б. Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Полиция департаменті мен Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ көлік пен коммуникация ҒЗИ мамандары тартылды. Қазіргі уақытта ластаушы қалдықтың көлемі, маршрутты әзірлеу мен өткізу қабілетін есептеу бойынша зерттеу жүргізілуде. Нәтижесінде мегаполистің экологиясы жақсарады.

Бұрындары Алматы әкімі қалалық қоғамдық көлік паркінің экологиялық көгілдір отынмен жүретін 41 автобусқа жаңарғанын хабарлаған еді.

АЛМАТЫ