Оңтүстік Қазақстан • 16 Ақпан, 2021

Шымкент әкімі әл-Фараби ауданындағы кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкент әкімі әл-Фараби ауданындағы кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты

Қала әкімі алдымен «Ақтас – 2» шағынауданындағы бау-бақшаның жұмысын көріп, мәселелерін тыңдады. Рабат тас жолы бойында орналасқан алма бауының жалпы аумағы – 100 га. 4 түрлі алма сортынан 250 мың түп алма ағашы отырғызылған. 2020 жылы су тапшылығынан өнім беру көрсеткіші төмендеп, жаз мезгілінде 100 тонна, күз мезгілінде 8 тонна өнім жиналған.

Биыл алма ағаштарын бұтау және дәрілеу жұмыстарына қосымша қаржы бөлініп, жоспар бойынша ағымдағы жылы 500-1000 тонна көлемінде өнім алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қосымша 12500 түп алма ағашын отырғызу жоспарда.

Жалпы осы атқарылған жұмыстар нәтижесінде және су тапшылығы толығымен шешілген жағдайда 100 гектардан 3000-5000 тоннаға дейін өнім алуға мүмкіндік бар.