Әлем • 16 Ақпан, 2021

Әлемнің 15 дәрігері бірлескен 24 сағаттық ота жасалды

323 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Әйгілі Microsoft компаниясы әлемнің әртүрлі нүктесінен келген хирургтарға медициналық операциялардың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін инновациялық жобаларды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлемнің 15 дәрігері бірлескен 24 сағаттық ота жасалды

2021 жылғы 10 ақпанда Алматы қаласында 13 елден келген 15 хирург 24 сағаттық іс-шара аясында 13 аралас ортопедиялық ота жасады. Microsoft Hоlolens 2 және Dynamics 365 Remote Assist технологиясы – хирургтарға әлемнің түрлі нүктелерінде бірлесіп операциялар жүргізді. Күрделі операциялар Avicenne AP-HP клиникасының (Франция) профессоры Томас Грегоридің басшылығымен өтті. Дәрігер тарихтағы алғашқы аралас шынайылық операциясын 2017 жылдың желтоқсанында жасаған. Аралас шындық дегеніміз – бұл адам, компьютер және қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін физикалық және сандық әлемдердің үйлесімі.

Профессор Томас және оның командасы аралас шынайылық режімінде 13 операция жасады. Операцияға Франция, Үндістан, БАӘ, ОАР, Украина, Германия, Бельгия, Марокко, Бразилия, Боливия, Мексика, АҚШ және Ұлыбритания елдерінен қатысқан.

HoloLens 2 және Dynamics 365 Remote Assist бағдарламалық жасақтамасының арқасында әр елдің хирургтарына келесі құралдар қолжетімді болды:

  • Голограмманың көмегі арқылы хирургиялық процестерді визуализациялау және басқару;
  • Операцияны нақты уақыт режимінде трансляциялау мүмкіндігі, бұл әртүрлі клиникалық жағдайлар бойынша үдеріске қашықтықтан жетекшілік ететін әріптестердің ұсыныстарын орындауға мүмкіндік береді;
  • Мамандарды қашықтықтан оқыту, оларға жаңа білім беру.

HoloLens – қосымшаларға және басқа технологиялық шешімдерге автоматты түрде қосылатын сымсыз голографиялық аралас шынайылық гарнитурасы. Гарнитура бірлесіп жұмыс істеуге және процестердің өнімділігін арттыруға көмектеседі.

Алдыңғы модельдермен салыстырғанда, HoloLens 2 қол жетімді және қолдануға қолайлырақ. Себебі қолды және көзді бақылау технологиясы хирургтың көзқарасының орнын анықтайды, бұл оған дәлірек жұмыс істеуге тиімдірек болады.

Іс-шараның халықаралық форматы әртүрлі елдердің тәжірибелі дәрігерлеріне өз тәжірибелерінің табысты нәтижелерімен бөлісті.

Осы орайда Үндістандағы Динанат Мангешкар Пуна ауруханасының спорттық жарақат бөлімінің меңгерушісі, дәрігер Ашиш Бабхулкар: «Хирургияның даму деңгейі жоғары деңгейдегі жекелеген елдерде мамандар нақты клиникалық жағдайларда жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Бұл мүмкіндік бізге жетекші мамандардың тәжірибесін алуға мүмкіндік берді, бұл бізге өзіміздің хирургиялық дағдыларымызды жетілдіруге көмектеседі», деп айтып өтті.

Ал Бразилиядағы Харагуа клиникасының ортопед хирургі, дәрігер Бруно Гобатто: «Бұл жобаның ауқымы әртүрлі мәдениеттер мен мамандардың өкілдерін әртүрлі білім қорымен біріктіру мүмкіндігінде жатыр. Менің ойымша, бұл аралас шынайылықты хирургиялық бағытта қолданудың ең жақсы тәсілі», деп нақтылап өтті.

 

Медицинадағы технологиялық инновациялардың қоғамдағы рөлі

24 сағаттық онлайн-трансляциядан басқа хирургиялық тәжірибеге де, медицина саласының болашағына да инновациялық технологиялардың қосқан үлесі туралы дөңгелек үстелде 25-ке жуық пікірталас өтті.

Денсаулық сақтау саласындағы 60-тан астам халықаралық маман аралас шынайылықтың, жасанды зият пен технологиялық инновацияның күшті жақтарын талқылады. Бұл пікірталастар денсаулық сақтауды трансформациялаудың маңыздылығын атап қана қоймай, саладағы жас мамандарды оқыту мүмкіндігін талқылауға мүмкіндік берді.

БАӘ-нің VPS Burjeel Medical City ортопедия және травматология бөлімінің директоры, дәрігер Рашед Аль Шахиннің айтуынша,  HoloLens жұмыстың әдістемесін айтарлықтай өзгертеді. Олар оны болашақ хирургтарды оқыту үшін ғана емес, сонымен қатар қашықтықтан көмек көрсету үшін де қолданатындықтарын жеткізді. Бұл жаңалық денсаулық сақтау саласындағы жаңа кезең болатынына сенім білдірді.

Осыған байланысты Францияның Avicenne AP-HP клиникасының ортопед хирургі, профессор Томас Грегори де пікір білдірді. Ол аралас шынайылық хирургиялық тәжірибені жетілдіре түсетінін тілге тиек етті.

Дегенмен осы елдегі Microsoft компаниясының мемлекеттік секторының басшысы Шарль Клаэструп: «Біз денсаулық сақтау саласы қоғам мүдделеріне қызмет етуге бағытталған технологиялық инновацияларды енгізу үшін басым болып табылады деп санаймыз. Технологияларды тиімді пайдалану медициналық үдерістіің барлық аспектілерін: науқастармен практикалық жұмыс тәжірибесінен бастап емдеуші мамандарға ауталды ақпаратты ұсынуға дейін қамтамасыз етеді. Сондықтан әлемде медициналық көмекті әртараптандыруға ықпалы зор.

Көптеген жылдар бойы профессор Томас Грегори заманауи, тиімді және қауіпсіз денсаулық сақтау жүйесіне сүйеніп, соның аясында хирургтар өздерінің дағдылары мен қабілеттерін жетілдіре алатынына септігін тигізді.

Avicenne AP-HP университеттік ауруханасы инновациялық технологиялар саласындағы алғашқы ізашар, сонымен қатар болашақ практиктерді даярлау үшін озық тәжірибе орталығы болып табылады.

2017 жылы жүргізілген алғашқы аралас шынайылық операциясы мен 24 сағаттық жаңа голографиялық хирургия арқылы Avicenne AP-HP серіктестерімен бірге Францияның медициналық инновациялар саласындағы тәжірибесін бүкіл әлемге таратуды жалғастыруда.

Lambs of Sorbonne Paris университеті өзінің пәнаралық көзқарасымен инновациялық шешімдерді енгізуге ұмтылады: хирургияны теориялық және практикалық оқыту үшін аралас шынайылық құралдарына негізделген жасанды зиятты дамыту. Мұнда профессор Томас Грегоридің жетекшілігімен Moveo жасанды зият хирургиялық орталығы орналасқан. Moveo HoloLens-пен жиналған хирургиялық мәліметтердің әсерлі көлемін өңдейді. Бұл деректер жасанды зият алгоритмдерін құруға көмектесіп қана қоймай, хирургтарға нақты уақыт режимінде олардың операциялық процестерін жақсартуға кеңес береді.

 

24 сағаттық операцияға қатысқан хирургтар:

- Профессор Штефан Грейнер – Германия

- Доктор Джон Эриксон – АҚШ

- Доктор Джон Следж – АҚШ

- Доктор Бруно Гоббато – Бразилия

- Доктор Ашиш Бабхулкар – Үндістан

- Профессор Роджер Эмери – Ұлыбритания

- Профессор Стивен Рош – Оңтүстік Африка

- Доктор Жан-Флорин Чорнохак – Бельгия

- Доктор Джабер Аль-Халид – БАӘ

- Доктор Рашед Альшаил – БАӘ

- Доктор Амара Гантье – Боливия

- Доктор Мишель Руис – Мексика

- Профессор Белкасем Чагар – Марокко Корольдігі

- Профессор Абдеррахим Арфауи – Марокко Корольдігі

- Доктор Александр Страфун – Украина