Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

«Е-salyq azamat» қосымшасының мүмкіндігі мол

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Қызылорда облысында «Е-Salyk Azamat» қосымшасы арқылы 250.00 үлгісіндегі 5890 декларация толтырылған. Қосымшаның салық төлеудегі басқа да артықшылықтары туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінде облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Е-salyq azamat» қосымшасының мүмкіндігі мол

Қосымша төлеу мерзімін өткізіп алу секілді мәселені болдырмайды. Сонымен қатар, деректерді толтыруда қателіктердің алдын алады.

«Қазіргі сервис жылжымайтын мүлік объектілері, көлік құралдары, жер учаскелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақапараттық жүйелерімен интеграцияланған», деді департамент басшысы.

Айта кетейік, қосымшада артық төлемді басқару сервисі де іске қосылған. Яғни, бұл сервис бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аударып отырады. Қаражат банктік шотқа 5 жұмыс күнінде қайтарылады. Сондай-ақ, қосымшада «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисі де бар. Ол арқылы әр адам еңбек ақысынан есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру аударымдарын тексере алады.