Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Оқушылар әлем әдебиетінің үздік туындыларын комикс тілінде сөйлетті

1050 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы аясында «Үздік комикс кітап» байқауы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқушылар әлем әдебиетінің үздік туындыларын комикс тілінде сөйлетті

Александр Беляевтің «Человек – амфибия» романын, Николай Заболоцкийдің «Некрасивая девочка» өлеңін, Александр Пушкиннің «Пиковая дама», Антуан де Сент-Экзюперидің «Маленький принц» повестері, Льюис Кэрроллдың «Алиса в стране чудес» ертегісін секілді әлем әдебиетінің үздік туындыларын зияткерлер комикс тілінде сөйлетті.

«Комикс – кітап пен киноны байланыстыратын сала. Оқушылар шығарманы түсініп оқи отырып, эстетикалық талғам мен креативті комикс жасап шығарған» – дейді қазылар алқасының мүшесі, орыс тілі пәнінің мұғалімі АйгүлТалғатқызы.

Бұл байқау оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық ойлау дағдысын дамытуға үлкен септігін тигізеді.

«Көркем шығарманы оқып қана қоймай, комикс әлеміне алғашқы қадамдары, көркем туындылары мені қуантты. Алдағы уақытта жыл сайын байқау ауқымын кеңейте отырып, тұрақты түрде ұйымдастыру туралы ой туды», дейді жоба үйлестірушісі Ақбота Жұмабаева.

Сайыс қорытындысы бойынша Інжу Нұрсейіт, Құралай Сейдәзім І орынды, Фатима Дінмұханбетқызы, Дильназ Асылбек ІІ орынды, Аружан Мырзабекова мен Әйгерім Нұртаева, Әлия Сенбаева ІІІ орынды иеленді.