Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Ақтаудағы тергеу изоляторына есірткі жеткізуге тырысты

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласының ГМ-172/10 мекемесі (тергеу изоляторы) қызметкері, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобымен бірлесіп, есірткі жеткізуге әрекет жасаған азаматтың жолын кесті.

Ақтаудағы тергеу изоляторына есірткі жеткізуге тырысты

Келуші берген тамақ өнімдерін тексеру кезінде ГМ-172/10 мекемесінің қызметкерлері вафлиде ақ түсті 34 таблетканы, сонлай-ақ өзіндік тектес затты тапты.

«Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттардың салмағы 9.074 грамм трамадол препараты және марихуана екенін көрсетті»,  деп түсіндірді департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сәлемдемені берген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

Маңғыстау облысы