Экономика • 17 Ақпан, 2021

Алматыда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны артты

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі Б. Сағынтаевтың халық алдындағы есептік кездесуі кезінде ШОБ қолдау шаралары туралы деректер айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны артты

2020 жылы Алматы әкімдігі шағын және орта бизнесті қолдау және оларды қалпына келтіру бойынша дағдарысқа қарсы бірқатар кешенді шараларды жүзеге асырған. Қала билігі жұртшылықпен кездесуде қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін атап өтті.

Салықтық ынталандыру, несиелендіруді кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, өндірісті қолдау және жұмыспен қамтуды сақтау бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері санының 3,6% - ға өсуін қамтамасыз еткен. Шағын және орта бизнесті несиелендіру көлемі 2020 жылы 1,7 есе өсіп, 1,4 трлн теңгеден асты.

Өнеркәсіп саласында 1,4 мың жұмыс орнын құрумен 39,7 млрд теңгеге 11 жоба іске асырылды, оның ішінде индустриялық аймақта – 848 жұмыс орнын құрумен 29,9 млрд теңгеге 4 жоба жүзеге асырылды. Фармацевтикалық препараттарды, медициналық бұйымдар мен техниканы өндіру бойынша медициналық кластер құрылды.

«Алматы Бизнес-2025» өңірлік бағдарламасы аясында 3 шағын өнеркәсіп паркі ашылды, онда кәсіпкерлерге жеңілдікті тарифтер бойынша өндірістік алаңдар беріледі. «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы бизнеске 91 мыңнан астам кеңес және басқа да сервистік қолдау көрсетті.