Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Батыс Қазақстан облысында 17 мектеп карантинге жабылды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында оқушылар мен мұғалімдерден коронавирус анықталып, 17 мектеп карантинге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Қазақстан облысында 17 мектеп карантинге жабылды

8 ақпаннан бастап облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен оқу орындары инкубациялық кезең аяқталғанға дейін қызметін тоқтатты.

БҚО санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті қазір өңірде 17 орта мектеп карантинге жабылғанын, оның 8-і Орал қаласында орналасқанын хабарлады.

– Ақпанның басынан бері Оралда 43 оқушы КВИ жұқтырды. Олардың 28-і штаттық форматта оқыған. Қазір қала бойынша сегіз мектеп карантинге жабылды. 16 ақпаннан бастап екі мектеп жұмысын қайта бастады, – деді Орал қалалық білім бөлімінің бас маманы Бағдагүл Бақтыгереева.

Мектептерде карантин екі аптаға жарияланады. Барлығы қашықтан оқыту форматына ауысады. Айта кетейік, қазір БҚО коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «сары» аймақта.