Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, бұл жобаларда 570 жұмыс орны ашылады.
«Былтыр Индустрияландыру картасы аясында 7 жоба іске қосылып, 580 жұмыс орны ашылды. Сондай жобалардың қатарында «Доктор Хаус» ЖШС-нің медициналық бетперде шығару өндірісі, «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құс етін өндіретін фабрикасы мен «Бест Модуль» ЖШС-нің металлдан модульдік ғимарат жасау цехы бар» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.