Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, пандемия қаупі күшейген кезде шағын және орта бизнестің 22 мыңнан астам субъектісіне салықтық жеңілдіктер берілді. Ал 5 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісіне көмек көрсетілді.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде 453 кәсіпкерге жобасын іске асыру үшін 28 млрд 600 млн теңгеге несие берілді. Кәсіпкерлер өз жобалары арқылы 670 жаңа жұмыс орнын ашады» деді Махамбет Досмұхамбетов.