26 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1281

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 29 қараша, Астана, Үкімет Үйі
Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығын айқындау туралы

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңгай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы болып айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28